рус  |  қаз 

«Хоум Кредит Банк» АҚ – Қазақстандағы тұтынушылық несие беру нарығының жетекші ойыншыларының бірі.


Банк тұтынушыларға серіктестерінің сату орындарында несиелерді, ақшалай несиелерді, сонымен бірге депозит өнімдерін ұсынады. 2009 жылы Хоум Кредит Банк жалпы көлемі 9 миллиард теңге болған несие беруді іске асырды.

2008 жылғы қыркүйекте Home Credit B.V. чех компаниясы «Алматы Халықаралық Банкі» (АХБ) АҚ шағын Қазақстан банкіндегі басыңқы үлесін сатып алып, акциялардың негізгі пакетін чех бизнесмені Иржи Шмейц сатып алды.

Кейін, 2008 жылғы қарашада АХБ атауын «Хоум Кредит Банк» АҚ (ХКБ) дегенге өзгертіп, өз капиталын айтарлықтай көбейтіп, несие беруге мамандырылған жекелеп сату банкіне айналдырудың жаңа стратегиясын енгізді. Жаңа стратегия «Хоум Кредит Қазақстан» АҚ қазақстандық компаниясы несие портфелінің трансфері мен Хоум Кредит тобының бизнес-үлгілерін банк үдерістеріне енгізуді қамтитын болды.

Банк өз қызметін серіктестерінің сауда орындары (тұтынушылық несиелер), «Қазпочта» АҚ бөлімшелері (ақшалай несиелер), өз бөлімшелері (Алматы мен Астанадағы) мен тікелей маркетинг арқылы іске асырады.

Банк қызметінің негізгі бағытытұтынушылық несиелеу. Хоум Кредит Банкі тауарлардың кең ауқымын сатып алуға несиелер ұсынады: тұрмыстық техника мен электроникадан жиһаз бен құрылыс материалдарына дейін. Біз операцияларды Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жүргіземіз. Біздің серіктестеріміздердің жүйесі 1 200 аса сауда орындарын қамтиды.

Біздің серіктестеріміз ретінде ұлттық пошта операторы - “Қазпочта” АҚ мен еліміздің "Сулпак", "Технодом", "ALSER" сияқты аса ірі сауда жүйелері, сондай-ақ өңірлік бөлшектеп сату жүйелері мен жеке дүкендері болып келеді.