 | Сізге көмектесуге әрқашанда қуаныштымыз!
Егер сұрақтарыңыз болса, жауапты «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен таба аласыз. Егер Сізге қолданған терминнің мағынасы түсініксіз болса, оның анықтамасын «Терминдер сөздігі» бөлімінен таба аласыз. |
Жиі қойылатын сұрақтар
Қолма-қол несие алу, нақты тауарды дүкенде рәсімдеу несиесі, сондай-ақ сақтандыру бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізімі.
Егер сізге ауызша кеңес керек болса, Сіз аптаның 6 күнінде біздің
Call-Center мамандарына немесе
клиенттермен жұмыс істеу қызметінің қызметкерлеріне хабарласа аласыз. («
Біздің байланыс деректеріміз» бөлімін қараңыз).
Тұтынушылық несие
Тұтынушылық несиені қайда ресімдеуге болады?
Біздің банкпен ынтықмақтастық құрған кез келген дүкенде.
Екінші несие алуға бола ма?
Иә, ол мүмкін.
Ол үшін банк өкіліне қаралып, несие алу өтінішін толтыру керек.
Ол қарастырылған соң, банк Сізге несие беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Шешім қолданыстағы несие/несиелер бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін есепке алып, қабылданатынын есте сақтау керек.
Несиені ресімдеу мерзімі қандай?
Несие өтінімін қарастыру мерзімі несиенің мөлшері мен болуы мүмкін қарызгердің төлеу қабілетіне байланысты қарастырылады да, 3 минуттан жоғары уақыт алу мүмкін.
Несиені қалай төлеуге болады?
Ресімделген несиені өтеу үшін өзіңізге қолайлы тәсілді таңдауыңызға болады:
1. «Қазпочта» АҚ почта байланыс бөлімшелері арқылы (төлемақы ұсталмайды)
2. Басқа банктердің кассалары арқылы (аударым бағасы 50 теңгеден бастап).
Несие бойынша төлемді қарызгердің туыстары жасай ала ма?
Иә, жасай алады!
Өзіңіз сенетін адамнан оны Сіз үшін жасауды сұрап, бұл үшін қажетті деректемелерді беріңіз (келісім-шарт нөмірі, қарызгердің аты-жөні, түбіртек бланкісі).
Ай сайынғы төлемді көрсетілген мерзімнен кешіктіріп төлеуіме бола ма? Оған айыппұл салына ма?
Банк ай сайынғы төлемнің мерзімін ұзартпайды, Сіз несие беру туралы келісім-шартқа сәйкес төлем жүргізуіңіз қажет.
Ағымдағы ай сайынғы төлемді төлеуге мүмкіндік жоқ. Не істеу керек?
Өкінішке орай, банк ай сайынғы төлемнің мерзімін ұзартпайды. Егер ай сайынғы төлемді өзіңіз төлей алмасаңыз, онда өзіңіздің таныстарыңызға немесе туыстарыңызға өтініш жасаңыз. Кез келген адам Сіз үшін ай сайынғы төлемді төлей алады.
Қарызды мерзімінен бұрын өтеу сомасын қайдан білуге болады?
Мына телефон бойынша: +7 (727) 244-54-77.
Қолма-қол несие алу
Қолма-қол несие алу туралы қайдан білуге болады?
Егер Сіз жалақыны немесе зейнетақыны «Қазпочта» АҚ байланыс бөлімшесінен алатын болсаңыз, Сізге құжаттарыңыздың түпнұсқасы мен көшірмелерін алып, «Қазпочта» бөлімшесіне келу керек (жеке куәлік, СТН, ӘЖК - егер Сіз зейнеткер болмасаңыз, «Қазпочта» АҚ-ның салым кітапшасы).
Екінші несие алуға бола ма?
Әрине, болады. Біз тұрақты клиенттерімізге әрқашанда қуаныштымыз! Егер Сіз бірінші несиеге өз уақытында және толық мөлшерде төлем жасасаңыз, банк Сізге келесі несиені беруі мүмкін.
Несиені қалай төлеуге болады?
Несие «Қазпочта» АҚ почта байланыс бөлімшелері арқылы төленеді.
Ағымдағы ай сайынғы төлемді төлеуге мүмкіндік жоқ. Не істеу керек?
Өкінішке орай, банк ай сайынғы төлемнің мерзімін ұзартпайды. Егер ай сайынғы төлемді өзіңіз төлей алмасаңыз, онда өзіңіздің таныстарыңызға немесе туыстарыңызға өтініш жасаңыз.
Ай сайынғы төлемді көрсетілген мерзімнен кешіктіріп төлеуіме бола ма? Оған айыппұл салынады ма?
Банк ай сайынғы төлемнің мерзімін ұзартпайды, Сіз несие беру туралы келісімшартқа сәйкес төлем жүргізуіңіз қажет.
Ай сайынғы төлем кестесінің төлем мерзімін өзгертуге бола ма?
Жоқ, төлемді несие беру шарты бойынша кестеге сәйкес жүргізу керек.
Басқалар
Егер төлем кестесі/төлем түбіртегі келмесе не істеу керек?
Егер Сізге төлем кестесі келмесе, біздің банкке хабарласыңыз: +7 (727) 244-54-77. Шартта Сіздің мекен-жайыңыз дұрыс көрсетілмеу мүмкін. Біз мекен-жайыңызды тексеріп, қате болған жағдайда, өзгеріс енгіземіз. Бұдан әрі жолдаулар жаңа мекен-жайға жіберілетін болады.
Несие бойынша артық төлемді қалай қайтарып аламын?
Артық төлемді қайтарып алу үшін Сізге өтініш жазу керек. Бұл мәселе бойынша мына телефонға хабарласыңыз: +7 (727) 244-54-77.